Ағымдағы жылдың 10 қазан күні Қима ауылының Қ.Өскенбаев атындағы ЖООБМ-нің базасында орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің аудандық семинары өткізілді. Жалпы 16 педагог қатысты. Семинар барысында ашық сабақтар, шебер сыныптар ұйымдастырылды.