"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі"Мемлекттік мекемесі
Государственное учереждение "Отдел образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области "

Социальные сети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Үздік әдістемелік әзірлеме

2020 жылдың 21 ақпанында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Үздік әдістемелік әзірлеме» атты сырттай байқаудың аудандық кезеңі өткізілді.

Байқаудың негізгі мақсаты – дарынды педагогтарды анықтау және оларға қолдау көрсету, қазақ ақынының идеяларын насихаттау, сондай-ақ рухани мұраның құндылығы мен маңызын насихаттау.

Конкурсқа облыстың білім беру ұйымдары директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен сынып жетекшілері қатысты. Байқауға 26 әдістемелік құрал ұсынылған болатын.

Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы мүшелерінің шешімімен Камидуллина Айгерім Мухамедияновнаның (Перекатное орта мектебінің мұғалімі), Каскаева Ләззат Байсеркеевнаның  (№1 Жақсы орта мектебінің мұғалімі) әзірлемелері үздік әдістемелік жұмыс деп танылып,  облыстық кезеңге жіберілген болатын.

Конкурстың облыстық кезеңінде Камидуллина Айгерім Мухамедияновнаның әдістемелік әзірлемесі жүлделі ІІІ орынға ие болды.

 

Жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз

Жаңартылған күні: 04.05.2020 11:56
Құрылған күні: 04.05.2020 12:02

Текст