"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі"Мемлекттік мекемесі
Государственное учереждение "Отдел образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области "

Социальные сети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақындар сайысының облыстық кезеңі

2020 жылдың 6-7 ақпанында Көкшетау қаласының дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты базасында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған ақындар байқауының облыстық кезеңі өтті.

Ақындық сайыстың негізгі мақсаты – қазақ халқының әдеби мұрасын насихаттау, қазақ халқының басты ақыны болып табылатын Абай шығармаларына оқушылардың қызығушылығын арттыру.

Байқауға барлығы 12 ауданнан, Көкшетау қаласынан және дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттардан 30-дан астам оқушы қатысты. Аудан намысын қорғауға Ғ.Абдрахманов атындағы Қима орта мектебінің 11 сынып оқушысы Хамит Аяулым, Остров орта мектебінің 9 сынып оқушысы Хауытбек Еркеназ жіберілген болатын.

Байқау қорытындысы бойынша №1 Жақсы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Сағындық Ділназ Білім басқармасының Грамотасымен марапатталды.

Қатысушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа жеңістер тілейміз!

Жаңартылған күні: 04.05.2020 12:01
Құрылған күні: 04.05.2020 12:01

Текст