"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі"Мемлекттік мекемесі
Государственное учереждение "Отдел образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области "

Социальные сети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жақсы білім бөлімінің жаңа басшысы тағайындалды

14.01.2021

  2021 жылғы 14 қаңтарында «Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі» ММ басшысының міндетін атқарушы болып Шапиев Ерік Рамазанұлы тағайындалды

Шапиев Ерік Рамазанұлы 1986 жылдың 15 қазан айында туған. 2008 жылы Ж.Мусин атындағы Кокшетау педагогикалық колледжін, ал 2011 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі» мамандығын аяқтады.

      Қызметтік жолын 2008 жылы Жақсы ауданы Киев орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде бастаған. 2009-2012 жылдары Жақсы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жанындағы «Мемлекеттік тілді оқыту орталығы» ММ –нің директоры болып қызмет атқарды.

       2013-2018 жылдары Жақсы №1 орта мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, 2018 жылдың тамыз айынан бастап Жақсы №1 орта мектебінің директоры қызметтерін атқарды.

         Ерік Рамазанұлы біліктілігі жоғары, тәжірибиелі, өз ісінің шебері, ұжымда беделі зор қызметкер. Әріптестер арасында адамгершілік қасиеттері, білім-білігі бар басшы. Жоғары тұрған органдардың берген міндеттемелер мен тапсырмаларын уақытылы және жауапкершілікпен орындайды.

       Ақмола облысы білім басқармасы басшысының Құрмет грамотасымен және Аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталған.

Просмотров: 382


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст