Ағымдағы жылдың 15 сәуір күні Ешім ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің базасында орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің аудандық семинары өткізілді. Семинар барысында ашық сабақтар, шебер сыныптар өткізіліп, мұғалімдер өзара тәжірибе алмасты. Семинар қорытындысы бойынша тәжірибе бөліскен ұстаздарға сертификат табыс етілді.