"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі"Мемлекттік мекемесі
Государственное учереждение "Отдел образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области "

Социальные сети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

1 маусымда Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу басталады. Іріктеуге мемлекеттік тілді В1 деңгейінен төмен емес деңгейде меңгерген, жоғары білімі және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар 35 жастан аспаған Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Іріктеу 2025 жылдың маусымынан қазанына дейін өтетін бірнеше кезеңнен тұрады. Іріктеу қорытындысы бойынша резервке үздік 50 үміткер қабылданады. Қабылданған күннен бастап 3 жыл ішінде резервшілер конкурстық іріктеуден тыс әртүрлі мемлекеттік лауазымдарға тағайындалуы мүмкін. Іріктеу 6 бағыт бойынша іске асырылады: • әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам; • агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау; • цифрландыру; • инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты; • экономикалық және қаржылық саясат; • сыртқы саясат және инвестициялар. 1 кезең. http://pkrezerv.gov.kz/ порталында құжаттар қабылдау (1 - 30 маусым); 2 кезең. Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау (2-10 тамыз); 3 кезең. Ситуациялық тапсырмаларды шешу (16-17 тамыз); 4 кезең. «Құзыреттерді бағалау» кезеңі (22 тамыз - 28 қыркүйек); 5 кезең. «Сарапшылық комиссияда әңгімелесу» кезеңі (8-15 қазан); 6 кезең. Ұлттық комиссияның отырысы (25 қазанға дейін). Үміткерлерге қойылатын талаптар мен іріктеу кезеңдері туралы барлық мәліметтер http://pkrezerv.gov.kz/ порталында қолжетімді. Тіркелу барысында кандидат сұрақтар туындаған жағдайда порталдағы Jivo чат немесе +7 700 096 70 74 нөмірі бойынша қолдау қызметіне, сондай-ақ info@pkrezrv.gov.kz электрондық поштасына жүгіне алады.

26.05.2025
Просмотров: 163


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст