"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі"Мемлекттік мекемесі
Государственное учереждение "Отдел образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области "

Социальные сети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"ҮЗДІК ПЕДАГОГ - 2018"

19.04.2018

"ҮЗДІК ПЕДАГОГ - 2018"

 

          Нағыз ұстаз болу – бақыт әрі

абырой.  «Ұстазды алтын діңгекке теңер

едім»,- деп ұлы педагог Ы.Алтынсарин айтып кеткендей, ұстаз жолы – қиыншылығы

мен рахаты бір басқа жетерлік мамандық атаулының ұлысы. Осы мамандық иелерінің

арасында 1 сәуір күні Ишимское орта мектебінде 

«Үздік педагог – 2018» конкурсы болып өтті.

Конкурстың мақсаты педагог кәсібінің

мәртебесін арттыру және кәсіби қызметте жоғары жетістіктері бар шығармашыл

педагогтардың іс -тәжірибелерін тарату.        

 «Үздік педагог –

2018» байқауына Жақсы ауданының бастауыш, негізгі және орта білім беру

ұйымдарынан 13   ұстаз  қатысты. Олар К.Өскенбайұлы атындағы Қима

орта мектебінің қазақ тілі әдебиетінің мұғалімі Алшинбаева Жанаргуль Зиядовна  , Лозовое орта мектебінің қазақ тілі мен

әдебиеті пәнінің мұғалімі Молдрахметова Қарлығаш Касымовна ,  Перекатное орта мектебінің орыс тілі мен

әдебиеті пәнінің мұғалімі Денисенко Разия Сеитовна, Ишимское орта мектебінің  мұғалімі Казалиева Зульфия Абаевна ,  Жақсы №1 орта мектебінің бастауыш сынып

мұғалімі Аяпбергенова Кенжегул Мухамбеткалиевна 

, Терсақан негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі

Молдыбаева Әсел Арыстанқызы, Подгорное орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті

пәндерінің мұғалімі Аренова Меруерт Жумабековна, Запорожье орта мектебінің  денешынықтыру пәнінің мұғалімі Болотин Евгений

Александрович , Ғ. Абдрахманұлы атындағы Қима орта мектебінің ағылшын тілі

пәнінің мұғалімі Варанкин Евгений Юрьевич, Жақсы № 2 орта мекебінің ағылшын

тілі пәнінің мұғалімі Рябокон Людмила Алексеевна , Киров орта мектебінің математика

пәнінің мұғалімі Куанышбекова Ардак Иргибаевна, Белағаш орта мектебінің орыс

тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тусупканова Евгения Сергеевна, Киев орта

мектебінің география пәнінің мұғалімі Илющенко Анна Александровна,

  

 Мектепке дейінгі

мекемелер арасынан «Дән» балабақшасының тәрбиешісі  Каппасова Жания Карымсаковна , «Айгөлек»

балабақшасының тәрбиешісі Ашимова Баян Каирловна, Ғ.Абдрахманұлы атындағы Қима

орта мектебінің шағын орталық тәрбиешесі Сулейменова Роза Аягановна, К.Өскенбай

атындағы Қима орта мектебінің шағын орталығының тәрбиешісі  Чореску Нина Петровна қатысты. 

Байқау үш

кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде «Менің педагогикалық ұстанымым»  өзін өзі таныстыруы, бұл кезеңде педагогтар

өз жұмыстарының ерекшелігіне үңіліп, кәсіби құзыреттіліктерінің қыр-сырын ашты.

 Екінші кезең шебер

сыныпқа берілді, бұл  кезеңде  ұстаздар 20 минут

сабақ үзіндісін көрсетіп,  сабақта

қолданылатын әдіс - тәсілдерді пайдаланып, жаңа   инновациялық технологияларды пайдалану арқылы,

білім беру сапасын арттырудың тиімділігінің мәнін аша түсті.

Үшінші кезеңде  педагогтардың шығармашылық шеберханасында пәндік олимпиадалар, ғылыми-

жобалар конкурстары, ғылыми-практикалық конференциялар, шығармашылық

конкурстардағы жетістіктері туралы ақпарат, өзінің  педагогикалық тәжірибесін жинақтау және

тарату туралы мәліметтерді,  педагогтың кәсіби шеберлігін және жеке

тұлғасын бағалау ,  өңірлердегі,

республикадағы білім беруді дамытудағы үлесі дәріптелген портфолиосы қаралды.

 Конкурс басында

білім беру бөлімінің басшысы Саутова Ақжарқын Сұлтанқызы конкурсқа

қатысушыларды құттықтап сөз сөйледі.

Конкурс ережеге сай өткізілді, қорытындысы бойынша бас жүлдені К.Өскенбайұлы атындағы Қима орта

мектебінің қазақ тілі әдебиетінің мұғалімі Алшинбаева Жанаргуль Зиядовна                                  иеленсе,         Бірінші орынды Запорожье орта

мектебінің  денешынықтыру пәнінің мұғалімі

Болотин Евгений Александрович,  екінші орынды Терсақан негізгі мектебінің қазақ тілі мен

әдебиетінің мұғалімі Молдыбаева Әсел Арыстанқызы,  үшінші орын Киев орта мектебінің география

пәнінің мұғалімі Илющенко Анна Александровна иеленді.

«Менің педагогикалық ұстанымым» номинациясы             

Ғ. Абдрахманұлы

атындағы Қима орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Варанкин Евгений

Юрьевич,  "Ең үздік шебер

сынып" номинациясы Белағаш орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің

мұғалімі Тусупканова Евгения Сергеевна, "Шығармашылық шеберхана"

номинациясы Перекатное орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Денисенко Разия Сеитовнаға берілді.

         Мектепке

дейінгі мекемелер арасынан «Дән» балабақшасының тәрбиешісі Каппасова Жания

Карымсаковна  жүлделі бірінші

орынды,  К.Өскенбай атындағы Қима орта

мектебінің шағын орталығының тәрбиешісі 

Чореску Нина Петровна "Шығармашылық шеберхана"

номинациясын  иеленді. Барлық

қатысушыларға сертификаттар, жүлдегерлерге  мадақтамалар және  бағалы сыйлықтар тапсырылды.

Мамыр айында Көкшетау қаласында

өтетін облыстық кезеңге бас жүлдені К.Өскенбайұлы атындағы Қима орта мектебінің қазақ тілі

әдебиетінің мұғалімі Алшинбаева Жанаргуль Зиядовна және   мектепке

дейінгі мекемелер арасынан «Дән» балабақшасының тәрбиешісі Каппасова Жания

Карымсаковна  қатысатын болады.                            

 Байқаудың облыстық кезеңінде биіктерден көрініп,  жеңіспен оралуына тілектестік білдіреміз.

Просмотров: 426


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст