"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі"Мемлекттік мекемесі
Государственное учереждение "Отдел образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области "

Социальные сети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА ҮЗДІК ПЕДАГОГ АНЫҚТАЛДЫ 2021

24.05.2021

2021 жылғы 17-19 мамыр аралығында Ақмола облысының білім басқармасы басшысының бұйрығы негізінде, педагог кәсібінің мәртебесін арттыру және кәсіби қызметте жоғары жетістіктері бар шығармашыл педагогтерге сыйақы беру мақсатында Ақмола облысының бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері арасында «Үздік педагог» сырттай конкурсының облыстық кезеңі өткізілді.
        Шығармашылық сайысқа аудандық конкурста топ жарып шыққан Жақсы ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Каскаева Ляззат Байсеркеевна жолдама алған болатын. Ляззат Байсеркеевна үмітімізді ақтап, Конкурс қорытындысы бойынша бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері арасында «Үздік педагог» атағы мен 875 100 теңге ақшалай сыйақысына ие болды.

Жерлесімізді жетістігімен құттықтаймыз! Ляззат Байсеркеевна, шәкірттеріңіздің құрметі мен махаббатына бөленіп, шығармашылық ізденістер мен ғылыми жаңалықтарыңыз көбейе түсуіне тілектеспіз! Білім көшін жылжытып келе жатқан еңбегіңізге деген құрмет арта берсін!
 

Просмотров: 288


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст