"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі"Мемлекттік мекемесі
Государственное учереждение "Отдел образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области "

Социальные сети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектепке жол "республикалық акциясы"

20.08.2021

Жақсы ауданында «Мектепке жол» республикалық акциясы          жалғасуда. Акция барысында аудандық білім беру бөлімінде жоспар құрылып, ұйымдастыру комитетінің құрамы анықталып, бұйрықпен бекітілді,жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізіліп жатыр.  Білім мекемелерінде  тамыз айының басынан бастап сынып жетекшілері, әлеуметтік педагогтер, тұрмысы төмен, аз қамтылған отбасындағы балалар  бойынша  және әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасылар анықтау барысында жұмыс атқаруда.  Аудан бойынша акция барысында мектепке бару үшін көмек қажет ететін  кірісі төмен отбасыларының балалары, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы  мәлімет жинақталды, деректер бойынша осы топтағы оқушылар саны –337 құрайды. Осы балалардың мектепке 100% дайындықпен баруын қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімшілігіне қарасты барлық бөлім басшылары мен олардың ұжымы -50 баланы, ауыл әкімдері -12 баланы, мектеп директорлары мен оның ұжымы- 27 баланы, демеушілер, жеке шаруа қожалықтары- 50 баланы киіндіріп, оқушының жаңа оқу жылына дайындықпен баруына ат салысып,көмектесуге өз қол ұштарын созып, акцияға белсене араласады деген үмітпен үндеу хаттар таратылды. Таратылған үндеу хаттарымызға жауап ретінде кәсіпорындар мен шаруашылық қожалықтардың басшылары, жеке кәсіпкерлер,ауыл әкімшіліктерінің тарапынан бүгінгі танда  61 балаға 712 мын тенге көлемінде көмек көрсетілді. Сонымен қатар «Ақниет» Республикалық қайырымдылық қоры 35 дана мектеп рюкзагін және  мектепке қажетті оқу құралдарын сыйға тартты.  «Жалпы оқумен қамту қорынан» 100 дана мектеп формасына,  қысқы, күзгі киім-кешектер,аяқ киімдер, спорттық киімдерге тапсырыс беріліп, қажетті оқу құралдары жиынтығына (дәптер,күнделік,қалам, түрлі-түсті бояулар, сызғыш, т.б). қаражат бөлініп, көмек алатын тізім бойынша оқушыларға үлестірілуде.  «Жалпы оқумен қамту қорынан» балаларға тиісті көмек көрсетілуде. Биылғы жаңа оқу жылында 288 оқушы алғашқы рет   мектеп табалдырығын аттағалы отыр, онын ішінде 17 оқушы көп балалы, аз қамтылған отбасынан. Жоспар бойынша «Бірінші сыныпқа бірінші рет» ұранымен  осы «Мектепке жол» акциясы кезінде  бірінші сыныпқа баратын көп балалы, аз қамтылған отбасы балаларына дәстүрлі түрде папкаға салынған оқу құралдары тарту етіледі. Акция аясында жұмыстар, іс-шаралар әлі де жалғасуда.

Просмотров: 421


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст