"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі"Мемлекттік мекемесі
Государственное учереждение "Отдел образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области "

Социальные сети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2018 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша «Жақсы ауданы білім беру бөлімі» ММ жұмысы туралы ЕСЕП

13.02.2019

Жақсы ауданы білім беру бөлімі» ММ жалпы 22 мемлекеттік қызмет  түрлерін көрсетеді. 2018 жылы «Жақсы ауданы білім беру бөлімі» ММ 2094 мемлекеттік қызмет көрсетті, олардың ішінде 154 Мемлекеттік корпорация арқылы (Халыққа қызмет көрсету орталығы) 4 қызметкөрсету  бойынша, 135 электронды үкімет порталы арқылы 7 қызмет, қағаз нысанында көрсетілген 1805-ң  8-і мемлекеттік қызмет бойынша.

-«Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 3, оның ішінде ЭҮП арқылы қызмет көрсетілді;

-«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге, ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру»  бойынша 6 мемлекеттік қызмет көрсетілді, 1-і Мемлекеттік корпорация арқылы және 5 ЭҮП арқылы қызмет көрсетілді ;

-«Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру»  бойынша 15 ЭҮП арқылы қызмет көрсетілді;

-« Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» - 103 ,  102 - барлығы ЭҮП арқылы,  қағаз нысанында 1 қызмет көрсетілді;

-«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау»  - қағаз нысанында 346 қызмет ті балабақшалардың өздері көрсетті;

-« Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау» - қағаз нысанында 18 қызмет көрсетілді;

-« Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» - қағаз нысанында 536 мемлекеттік қызмет көрсетілді;

-« Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» - 377 қызмет қағаз нысанында көрсетілді;

-« Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну» - қағаз нысанында 75 қызмет көрсетілді;

-« Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну» - 355  қызмет қағаз нысанында көрсетілді;

-« Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру» - 100 қызмет қағаз нысанында көрсетілді;

-« Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау» - бойынша 6 ЭҮП арқылы қызмет көрсетілді;

-«Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою» - бойынша 6 ЭҮП арқылы қызмет көрсетілді;

-«Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» - 26, олардың 26-сі  Мемлекеттік корпорация арқылы;

-«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау» - 124 -  Мемлекеттік корпорация арқылы;

-«Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру» - 3 ЭҮП арқылы қызмет көрсетілді;

«Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау» - 7  Мемлекеттік корпорация арқылы.

  «Электрондық үкімет порталы» арқылы мемлекеттік қызмет алу туралы  халықты ақпараттандыру мақсатында  тұрғындар арасында насихат жүргізілуде.Ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсетуді сапалы орындау мақсатында аудандық газетте мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызмет көрсету түрлері  стандарттар мен мақалалар жарияланады. Жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыру үрдісіне және олардың электронды түрде жеткізілу сапасын арттыруға бастапқы назар аударылады. «Жақсы ауданы білім беру бөлімі» ММ көрсететін мемлекеттік қызметтердің толығырақ ақпаратын WWW.egov/kz»электронды үкімет» веб-порталында білуге болады.

       Құжаттар пакетін қабылдау, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі, көрсету мерзімі бойынша заң бұзушылық жоқ, шағымдар келіп түскен жоқ.

     «Жақсы ауданы білім беру бөлімі» ММ  мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен ережелері туралы  келушілерге ақпарат орналастырылған стенд бар, барлық қызмет түрлері тегін беріледі.

      Мемлекеттік қызметтерді алу сұрақтары бойынша мына телефонға хабарласуға болады: 87163522582, электронды мекен-жай: zhaksioo@akmoedu.ru

Просмотров: 596


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст