"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі"Мемлекттік мекемесі
Государственное учереждение "Отдел образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области "

Социальные сети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Тіл дарыны» байқауы

23.02.2018

22 ақпан күні № 2 Жақсы орта мектебінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Тіл дарыны» байқауы өтті. Байқаудың мақсаттары мен міндеттері:

-үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген оқушыларды анықтап, қолдау. Іскерлік және халықаралық қарым-қатынас құралы ретіндегі тілдерді меңгеру деңгейін анықтау. Үштілдікті насихаттау;

-Қазақстан Республикасының тіл саясатын жүзеге асыру:

-оқушылардың үш тілде оқып-үйренуіне ықпал жасау және оларды ынталандыру.

Байқау қазақ тілінде өтті, ауызша тапсырмалар үш тілде орындалды және 12 тапсырмадан тұрды:

1.      «Полиглот»

2.      «Мәдениеттаным»

3.      «Ұлттаным»

4.      «Эрудит»

5.      «Тең шарттарда диалог»

6.      «Жағымды әңгімелесуші»

7.      «Ең үздік мәнерлеп оқу»

8.      «Отанымыздың патриоты»

9.      «Экскурсия жетекшісі»

10.  «Жас ақын»

11.  «Үздік калиграфист»

12.  «Өнертаным»

Қатысқан оқушылар өз білімдерін көрсетіп, қазақ тілінде сұрақтарға жауап беріп, тарихи даталарды , қазақтың

қөрнекті тұлғалары туралы деректерді айтып, ағылшын тілінде, орыс тілінде әңгіме құрастырып, ертегі шығарып, Қазақстан бойынша «экскурсия» жасап, ребус шешіп, көркем әдебиеттен үзінді оқып, үш тілде жаңылтпаш айтып  біраз жұмыс жасады. Комиссия мүшелері , әдістемелік кабинеттің әдіскерлері М.Асатова, Б.Усина, А.Абылхаиров , оқушылардың жауаптарын тыңдап, тексеріп, төмендегі шешімге келді:

11 сынып – 1 орын –Копеева Асель, 2-орын –Елеш Аружан, Есенбек Елдар, 3-орын – Уланова Диана.

10 сынып  - 1 орын – Хамит Айжан,  2 орын – Кортаева Ұлжан, 3-орын – Хабылхан Лайла, Екремхан Адилхан

9 сынып – 1 орын – Хамит Аяулым, 2 орын –Жандаулетова Гульден

8-сынып  - 1 орын – Баймулин Константин 3 орын – Серікова Мөлдір

ӘК әдіскері М.Асатова

Просмотров: 499


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст