"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі"Мемлекттік мекемесі
Государственное учереждение "Отдел образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области "

Социальные сети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасының аудандық кезеңі

09.02.2018

2018 жылдың 8 ақпан күні Жақсы №2 орта мектебінде «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасының аудандық кезеңі өткізілді. Олимпиаданың бес бағыты бойынша аудан мектептерінен өз білімдерін, өнерлерін көрсетуге жас дарындар жиналды.

«Жарқын болашақ» олимпиадасының  қорытындысы:

«Тілші-әдебиетші»  бөлімі бойынша  оқушылар қазақ тілі мен әдебиетінен тест тапсырып,  1 орынға ие болған  Запорожье орта мектебінің 11-сынып оқушысы Сейтмұханбет Аида. 2- көрсеткішке ие – Лозовое орта мектебінің 8-сынып оқушысы Шалдыкова Камила, Терсақан негізгі мектебінің 8-сынып оқушысы Кабдрашева Камила.  3-орында № 1 Жақсы орта мектебінің 11-сынып оқушысы Алпысова Зере, Белағаш орта мектебінің 8-сынып оқушысы Тельжанов Жандос және Беловодское орта мектебінің 10-сынып оқушысы Хабылхан Лайла. 

«Жас ғалымдар»  ғылыми жобасы бағыты бойынша жүлделі 1 орын Терсақан орта мектебінің 7-сынып оқушысы Ертуғанова Арайлымда, 2 орын № 1 Жақсы орта мектебінің 7-сынып оқушысы Байдусенова Жансаяда, 3 орын Ишимское орта мектебінің 9-сынып оқушысы Мязина Викторияда.

«Жазушылар»  жазбаша шығармашылық жұмысы бағытында оқушылар «Қазақ халқының бірлігі мен татулығы» тақырыбын жан-жақты ашып, орындар төмендегідей бұйырды: 1 орынға ие болған Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінің 11-сынып оқушысы Карина Алтын, 2 орынға  № 1 Жақсы орта мектебінің 8-сынып оқушысы Байсарина Диана және Белағаш орта мектебінің  11-сынып оқушысы Елеш Аружан, 3 орынға Подгорное орта мектебінің 11-сынып оқушысы Өтеш Айсұлу, № 2 Жақсы орта мектебінің 10-сынып оқушысы Культаева Альбина, Терсақан негізгі мектебінің 9-сынып оқушысы Қыдырбек Аружан.

«Сөз шеберлері» мәнерлеп оқу бағытында жетістікке жеткендер  - 1 орында№ 1 Жақсы орта мектебінің 10-сынып оқушысы Тулеген Мадина, 2 орында Подгорное орта мектебінің 11-сынып оқушысы Бактиярова Гүлнар, Запорожье орта мектебінің 8-сынып оқушысы Серікова Мөлдір, 3 орында Островская орта мектебінің 7-сынып оқушысы Хаутбек Еркеназ, Терсақан негізгі мектебінің 8-сынып оқушысы Базылбекова Мадина, Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінің 9-сынып оқушысы Қапешова Зарина. «Тіл тазалығы» номинациясы Алғабас негізгі мектебінің 7-сынып оқушысы Лукьянов Сергейге және Калинин негізгі мектебінің 9-сынып оқушысы Дашкова Анастасияға берілді.

Өз талантын көрсетіп, қазақ әндерін насихаттаушы өнерпаздар «Әнші бұлбұлдар» ән айту бағытында мынадай жеңістерге жетті: 2 орын №1 Жақсы орта мектебінің 10-сынып оқушысы Тұрған Айша мен Киев орта мектебінің 10-сынып оқушысы Қортаева Ұлжанда , 3 орын № 2 Жақсы орта мектебінің 7-сынып оқушысы Омурбекова Алина, Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінің 9-сынып оқушысы Блиспекова Перизат, Подгорное орта мектебінің 8-сынып оқушысы Шейгец Иринада, «Ән жанашыры» номинациясы Қ.Өскенбай атындағы Қима орта мектебінің 8-сынып оқушысы Шакаева Янаға берілді.

Ауданымыздың дарынды оқушылары мемлекеттік тілді дәріптеп, насихаттап , еліміздің келешегін ойлайтын азаматтар болсын, қанаттары талмасын деп тілейік!

 

ӘК әдіскері М.Асатова

 

 

 

 

Просмотров: 504


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст