"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі"Мемлекттік мекемесі
Государственное учереждение "Отдел образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области "

Социальные сети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жақсы ауданының Жақсы №2 орта мектебінде «Рухани жаңғыру» кабинеті ашылды

20.12.2017

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнінің қарсаңында Жақсы ауданының Жақсы №2 орта мектебінде Ұлт көшбасшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру аясында «Рухани жаңғыру» кабинеті ашылды. Бұл «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасындағы «Отаным - тағдырым» базалық бағытының жобасы. Жобаның мақсатырухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту, балалардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру.

Ауданымыздың «Рухани жаңғыру» кабинетінің тұсауын кесу құқығы аудан әкімі Сүйіндіков Қанат Отызбайұлына берілді. Ал құттықтау сөз кезегі  "ULY DALA GLOBAL" қоғамдық фондтың жетекшісі Баяндин Алтынбек Ануарбекұлына берілді. Ауданның ең үздік және ең белсенді оқушылары кабинеттегі «Буккросинг» жобасымен, ауданымыздың жетістіктері мен зерттеушілік жұмыстармен таныстырып өтті. Қонақтар «Рухани жаңғыру» кабинетінде ең бірінші қабылданатын болашақ жасұландарды қошеметтеп, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған Республикалық бірыңғай "Жас ұлан" балалар және жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімі өткізілді.

Ісшараға қатысқан 100 адам, оның ішінен 30 бала.

Просмотров: 543


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст