"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі"Мемлекттік мекемесі
Государственное учереждение "Отдел образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области "

Социальные сети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жалпы орта білім беру мекемелерінің шеттілі пәні мұғалімдеріне арналған «Үздік инновациялық шеттілі сабағы» атты аудандық сырттай байқаудың қорытындысы

06.12.2017

Жалпы орта білім

беру мекемелерінің шеттілі пәні мұғалімдеріне арналған

«Үздік инновациялық шеттілі сабағы» атты аудандық   сырттай байқаудың қорытындысы

 

Жақсы ауданының білім бөлімінің қараша айындағы іс-шаралар  жоспарына сай «Үздік инновациялық шет тілі сабағы» атты сырттай байқау ұйымдастырылды. Бұл байқау білім беру саласы қызметкерлерінен талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін, өз пәнін  жетік меңгерген кәсіби білікті шет тілі пәнінің мұғалімін анықтау, қолдау және мадақтау мақсатында ұйымдастырылады.

Сырттай байқаудың міндеттері:

1) Қатысушылардың кәсіптік шеберлігінің өсуіне ықпал ету, озық педагогикалық білім беру технологиялардың маңыздылығын насихаттауға жағдай

жасау

2) Шет тілі пәні мұғалімдерінің кәсіптік қарым-қатынас жасауына және шығармашылық  жаңалықтармен, идеялар мен

тәжірибе алмасуына ықпал ету

3) Шет тілі пән мұғалімдерінің инновациялық тәжірибесі жөнінде банкін жинақтау

4)   Шет тілі пән мұғалімдерінің мәртебесін көтеру еді

Сырттай конкурс болғандықтан сайысқа  ұсынылған сабақтың қысқа мерзімді жоспары өтініш берген мектептің сайтына және YouTube каналына   қараша айының  26-на дейін жүктеліп,  сабақтардың жарияланғаны туралы ссылка  8705 596 52 87 WhatsApp нөміріне жіберілген болатын.

Байқауға  қойылатын талаптар төмендегідей болды:

- Сабақ беруде инновациялық технологияларды тиімді пайдалануы;

-  Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда нақты жұмыстың көрініс алуы;

-  Оқушылардың сөйлеу, тыңдау, жазу, оқу дағдыларының сабақта көрініс алуы;

-  Пән мұғалімінің сабақ беруде оқушылармен қарым қатынасы, өзін –өзі ұстауы;

-  Пәнді терең және нақты білуі;

-  Оқыту әдістемесін білуі;

-  Оқушыларды қызықтыра және уәжге тарта білуі;

-  Сабақтағы қолайлы психологиялық ахуал;

-  Сабақты сапалы жоспарлау;

-  Кері байланысты орната білуі;

-  Оқу процесін басқаруы, сұрақты бере білуі, білім ресурстарын сауатты қолдануы.Сырттай байқауға аудан мектептерінен 9 мұғалім қатысты.  Сабақты  бағалау  10-баллдық шкала бойынша жүзеге асырылды. 28.11.17 ж   аудандық  әдіскерлер кабинеті қызметкерлерінің әділ қазылар алқасының шешімімен  төмендегідей сайыс қорытындысы шығарылды. 1-орынды Қ. Өскенбаев атындағы Қима орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Аширханова Шынар Серікқызы, 2-орынды Ғ. Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Самурат Нурегуль, 3-орынды Киев орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Какенов Серик Алдабергенович иеленді. «Ең үздік ғылыми-әдістемелік сабақ» номинациясын Варанкин Евгений Юрьевич,  «Ең үздік шығармашылық сабақ»  номинациясын Уаисова Шазизат Шаяхметқызы иеленді. Жеңімпаз ұстаздар аудандық білім беру бөлімінің мақтау қағазымен мараппаталды.

 

Білім беру бөлімінің әдіскері: 

Бактыбаева М.Б

Просмотров: 525


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст