"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі"Мемлекттік мекемесі
Государственное учереждение "Отдел образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области "

Социальные сети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ағылшын тілін оқытудағы заманауи оқыту әдістерін және соңғы оқыту ресурстарын пайдалану» тақырыбында өткен шет тілдері пәндері мұғалімдерінің аудандық семинарының есебі

04.12.2017

«Ағылшын тілін оқытудағы заманауи

оқыту  әдістерін және соңғы оқыту

ресурстарын пайдалану» тақырыбында өткен шет тілдері  пәндері 

мұғалімдерінің аудандық семинарының есебі

 

 

         Жақсы аудандық білім бөлімінің қараша  айындағы жұмыс  жоспарына сай, Ғұбайдола Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінде 21.11.17 ж «Ағылшын тілін оқытудағы заманауи оқыту  әдістерін және соңғы оқыту ресурстарын пайдалану» тақырыбында шет тілдері  пәндері  мұғалімдерінің аудандық семинары өтті. Аталған семинарға аудан мектептерінен 17 мұғалім қатысты. Семинардың ашылуын Ғұбайдола Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінің ағылшын тілі мұғалімдері ерекше ұйымдастырды.Мектеп оқушылары үш тілде көрініс қойып және ағылшын тілі мұғалімдерінің ғылыми-шығармашылық көрмесін дайындап семинарға қатысушылардың көңілінен шыға білді.

Семинарды аудандық білім бөлімінің әдіскері  Бақтыбаева М.Б және аудандық әдістемелік бірлестік жетекшісі Мочалова Е В  ашып, бағдарламамен таныстырды.

«Friendship 2» тақырыбындағы ашық сабақты 5-сыныпта  Ғұбайдола Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінің ағылшын тілінің мұғалімі  Самурат Н  өткізді. Мұғалім оқушыларды екі топқа  бөлді. Оқушыларға сабақтың мақсаты айтылып, ұйымдастыру кезеңі өткізілді. Оқушылар шаттық шеңберінде өз есімдеріне қатысты жақсы сөздерді сын есім түрінде айтып, жаңа тақырыпқа байланысты көрсетілген видео тамашалады. Сонымен қатар сәйкестендіру, сөздік жүмысы,сахналық көрініс,  суретпен байланысқа сұрақтар сынды стратегияларды тиімді қолдана алды.

                    «The best places to visit in Kazakhstan» тақырыбындағы ашық сабақты 7-сыныпта  Қ. Өскенбаев атындағы Қима орта мектебінің ағылшын тілінің мұғалімі  Аширханова Ш.С  өткізді. Сабақ ерекше басталды. Мұғалім қазақ композиторларының белгілі әуендерін қоса отырып, қазақстан қалаларына саяхат жасатып топқа бөлді. Балық аулау, топта постер жасау, дұрыс-бұрыс кестесі сияқты сабқтың интербелсенді әдістерін тиімді қолдана алды.

“Polyglot”  тақырыбындағы сыныптан тыс іс-шараны  Ғұбайдола Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінің ағылшын тілінің мұғалімі  Варанкин Е.Ю 1-сынып оқушыларымен өткізді.

Ашық сабақтардан соң   әдістемелік бірлестік жетекшісі Мочалова Е.В және  білім беру бөлімінің әдіскері Бактыбаева М.Б сабақтар соңында кері байланыс ұйымдастырды. 

Оқушыларды олимпиадаға дайындаудың әдіс-тәсілдері. Менің оқушыларымның жетістіктері. Дарынды оқушылармен жұмыс түрлері тақырыбындағы баяндаманы Запорожье орта мектебінің  ағылшын тілінің мұғалімі  Жамбулова А.К және Беловод орта мектебінің ағылшын тілінің мұғалімі Батырбекова Д.К дайындады.

«Білім берудегі интербелсенді әдістер» тақырыбындағы коучингті  Жақсы №2 орта мектебінің ағылшын тілінің мұғалімі   Мочалова Е.В өткізді.

Express publishing, Cambridge, Inter Press, Oxford, Mc Millan  оқулықтарының мазмұны жөнінде  пікірталасты мектеп мұғалімдерімен әдістемелік бірлестік жетекшісі Мочалова Е.В және  білім беру бөлімінің әдіскері Бактыбаева М.Б өткізді. Теориялық  бөлім соңында  әдістемелік бірлестік жетекшісі Мочалова Е.Вжәне  білім беру бөлімінің әдіскері Бактыбаева М.Б сабақтар соңында кері байланыс ұйымдастырды, семинарға қатысушылар  семинардың қорытындысын шығарды.Семинарға қатысқан ұстаздарға алғыс айтылып, келесі семинарда көтерілетін мәселе талқыланды. Жалпы семинар өз мақсатына жетті, семинарға   қатысушылар сабақ берген, шебер сабақ көрсеткен ұстаздардың  қызметін  оң бағалады.

 

Әдіскер:  Бактыбаева М.Б

Просмотров: 577


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст