"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі"Мемлекттік мекемесі
Государственное учереждение "Отдел образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области "

Социальные сети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жақсы ауданы туған жерім – құт мекенім...

23.11.2017

Жақсы ауданы туған жерім – құт мекенім...

 

Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы  аясында  «Нұр Отан» Ақмола  облыстық филиалының және Ақмола облыстық білім беру басқармасының   бірлесе ұйымдастыруымен,  аумақтық  білім беретін  мекемелерінің оқушыларының арасында республикалық «Туған жерім» тақырыбында ең үздік  шығармалар сайысы өткен болатын. «Туған жерім» шығармалар сайысының аудандық кезеңінде аймақ мектептерінен жалпы 71 шығарма жұмысы қабылданды.  Аудандық әдістемелік кабинет қызметкерлерінен құралған әділ қазылар алқасының шешімі бойынша  24  оқушы жұмысы үздік деп танылып, Жақсы ауданының білім беру бөлімінің және «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының мараппатау қағазымен және ынталандыру сыйлықтарымен мараппаталып, шығарма сайысының облыстық кезеңіне жолдама алған болатын. Жақсы ауданы бойынша Жақсы №1 орта мектебінің 10-сынып оқушысы Зиядова Алтын Даулетқызы және Ешім орта мектебінің 5-сынып оқушысы Қазалы Айгүлім облыстық ең үздік шығарма иегерлері атанып,  Жақсы №1 орта мектебінің мұғалімі Көшеков Қ.Бжетекшілігімен Көкшетау қаласында  17 қараша күні өткен жеңімпаздарды мараппатау шарасына қатысып келді. Аталған іс-шараға  «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының төрайымы     К. Мұғаловада қатысып, жеңімпаздарымызға қолдау көрсетті. Оқушыларымыз Ақмола облысының әкімі, «Нұр Отан» партиясы  Ақмола облыстық  филиалының төрағасы М.Мырзалиннің  «Ең үздік жұмыс» үшін дипломымен мараппаталып, шығармалары республикалық жинаққа жарияланып аудан мәртебесін көтере білді. Жүлдегер оқушыларымызды дайындаған ұстаздарымыз Дюсембекова Айман Карабаевна, Ибраева Маржан Октябровнаны атап өткім келеді. Жас дарындылар мен жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз!!! Алдағы уақытта бұдан зор жетістіктерге жетіп, егеменді еліміздің көк байрағын асқататып, жеңіске жете берулеріңізге ниеттеспіз!Оқушыларымыздың биіктерден көрініп, жүлдегерлер қатарынан табылуына зор үлесін қосқан аудандық білім беру бөлімінің басшысы Саутова Ақжарқын Сұлтанқызына жүлдегер оқушыларымыздың және ата-аналар, ұстаздар қауымының атынан алғысымызды білдіреміз.

 

 

Туған жерім Жақсы ауданының  жетістіктері

 

    Туған жер – әркімнің кіндік қаны тамған қасиетті мекені. Оның күні де, түні де, тау – тасы да, сарқыраған өзені мен жайқалған көк майсасы, еркелей ескен желі, шұрқыраған жан – жануары, сайраған құстары – бәрі де жаныңа ерекше ыстық, ерекше жақын. Сол туған жерімнің бірінші мақтанышы, оның бірлігі мен ынтымағында деп білемін. Өз бойына 130-дан астам ұлт өкілдерін бір шаңырақ астында тұрғызып, тату-тәтті өмір сүруде. Осындай тәуелсіз елде өмір сүріп жатқан талантты да, дарынды жастары  оның тағы бір дәлелі. Мен де осы елде туып – өсіп жатқанымды мақтан етемін.

   Менің туған жерім – Жақсы ауылы. Мен үшін туған жерімнің әр тасы да, суы да, ағашы да – бәрі қадірлі, қасиетті. Мен осы жерде дүниеге келдім, тәй – тәй бастым, алғаш мектеп табалдырығын аттадым. Маған туған жерімнің тазалығы, табиғаты ұнайды. Ауылымыз күннен – күнге көркейіп келеді. Биыл Жақсының 60 жылдығына орай үлкен іс – шара өткізілді. Орталыққа фонтан салынып, «Менің жүрегемдесің, Жақсы» деген жазу орнатылды. Барлық жерге ағаштар егіліп, аллеялар, саябақтар жасалды. Жолдар тегістеліп, асфальт төселді. Жазда туыстарымыз қонаққа келіп, «Жақсының ағаштары көп, көшелері тап – таза, бәрі әдемі екен» дегенде, менің кеудемді мақтаныш кернеді. Біздің ауылда кәсіптің неше түрі бар. Егін егіледі, сүт, шұжық өнімдері шығарылады. «Айбат» ЖШС-і көп жылдан бері жұмыс істейді. Онда сүт, айран, қатық, май, ірімшік, сыр өнімдері республика аймағында ғана емес, шетелге де экспортталады. Сонымен қатар, осыдан 1-2 жыл бұрын «шұжық цехы» ашылып, ет өнімдерін шығарылуда. «Жақсы» деген атаумен жасалынған дәмді тұшпаралар, фарштар халықтың көңілінен шығып жүр.

  Жақсының ұны қандай десеңізші! Дәмі тіл үйірер, керемет ыстық наны, иісі бұрқыраған тәтті тоқаштары қарныңды тойдырады.

  Қаншама сауда үйлері, тойхана, кафетерий, кафелер халықтың игілігіне жұмыс жасап жүр. Екі үлкен керемет екі мектеп оқушыларды білім нәрімен сусындатуда.

  Ерекше атап өтетін спорт кешеніміз бар. Бұл жерде әр елден спортшылар жиналып, үлкен жарыстар өткізіледі. Онда футбол, бокс, волейбол, баскетбол, қазақша күрес және еркін күрес секциялары бар. Мықты жаттықтырушы мен дарынды балалардың арқасында Жақсы елі көпке танылып келеді. Тек қана республика көлемінде ғана емес, әлемдік деңгейдегі жетістікке қол жеткізіп жүрміз. Соның дәлелі ретінде мен осы біздің осы спорт кешенінде тәрбиеленіп, шыныққан 2016 жылғы бокстан «Әлем чемпионы» атағына ие болған Дина Жоламанды айта аламын. Ал, еркін күрестен көптеген жетістіктерге жеткен ағайынды Дамир мен Дастан Зарлыхановтар,Аспандияр Аманаев сияқты спортшыларымыз биік белестерден көрінуде. Волейболдан қыздар құрамасы да жоғары аталғандардан еш кем түспеуде. Олар республика көлеміндегі волейболдан әр түрлі қалаларда жарыстарға қатысып, өлкемізді танытуда, 2017 жылдың басында «Я чемпион» атты қыздар арасындағы волейбол ойынында жарысып,біздің құрама жеңіске жетті. Осыған ұқсас жетістіктер әлі де көп. Шығармамды қорытындылай келе, туған жерге деген ыстық балалық махаббатымды мына өлең жолдарымен білдіргім келеді:

  Балғын денем балқыған, шат көңілім шалқыған,туған жер,

  Анашымның ақ сүті, топырағынан аңқыған, туған жер.

Ойын қуып аунаған, жүрегімді баураған, туған жер.

Кең даласы әкемнің құшағынан аумаған, туған жер.

 

Зиядова Алтын Даулетқызы

Жақсы №1

орта мектебінің 10-сынып оқушысы.

 

 

Туған елімнің жетістіктері

 

Қазақстан –байтақ өлкем, ғажап жерім

Айтылады жүректегі ыстық сезім.

Тек өзіңе арналады өлең жолдар

Мақтанатын тәуелсіз, қайран елім.

Қазақстан – сен деп жырлайды ақын да, әнші де

Сен деп соғады жүрегімнің дүрсілі де.

Өзің ғана бар адамның арқауы

Болашақтың басталатын бастауы....

 

Менің  Отаным -  кең - байтақ ел.  Қазақстан - дамыған,өте бай, көптеген жетістіктерге жеткен ел. Біздің  арқа сүйер еліне, жеріне деген ыстық сезімге толы елбасшымыз бар. Оның есімі - Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаев.Тек, оның арқасында Қазақстан дамып, өсіп- өркендеп келеді.Бұған дәлел, жақында Бас қаламыз  Астанада болған «Экспо» атты халықаралық көрме өтті. Сол көрме арқылы әр Қазақстандық өзін болашақ қаласында  жүргендей сезінді. Тіпті Қазақстандықтар ғана емес, барлық әлем  бұл ғажайыпты көріп білді.  Елбасымызбен  қатар қазақ жастары да қолынан келген көмегін аямады. Белсене қатысып көмегін аямаған қазақ жастары тәрбиелі азамат пен азаматшалар болып өсіп келеді. Әркімнің өз елі мысыр шаһары дегендей, Қазақстан мен үшін әлемдегі мемлекеттердің ең алдыңғы қатарында тұр, себебі әр адам өз Отанын  сүйеді және өз Отанына шексіз қызмет етуге тырыса біледі. Ал біздің елімізде қазақтардан бөлек 100-ден астам ұлт өкілі тұрады. Бәрі бейбіт өмір кешуде. Қазақстанның әр атар таңы, күн батар кезі мен үшін өте шырайлы көрінеді. Қазақстанда мерекелер өте көп, соның әр қайсысын біз тойлап, көңіл көтереміз. Бұл сөздерімнің бәрі ақиқат пен айқын өмірдің кепілі, бейбітшіліктің белгісі. Әр ақын  «Қазақстан» деп жыр жазады. Әр спортшы Қазақстанға өз жеңісін арнайды. Мұғалімдер болса қазақ балаларын өз елін қастерлеуге үйретеді. Міне, дәл осылай біз қазақ халқы әр жеңісімізді  Отанымызға арнаймыз. Қазақстанның мақтанышы көп. Соның бірі – Бәйтерек. Ол Астанымыздың жүрегі десекте болады. Біздің туымыздың өзі де ерекше көрінеді. Себебі , оның өзінің тарихы бар. Тіпті ежелгі батыр - ағаларымыздың өздері де ел дегенде езіліп, жұрт дегенде жұмылып қызмет етіп, өз отанын шексіз сүйіп қорғауға көп маңдай терін жұмсады. Сөзімді аяқтай келе, Отанымызға риясыз қызмет етіп, оны аялауға шақырамын. Сонымен қатар әр бүлдіршіннің, аға – әпкелеріміздің, қазақ жастарының атынан Қазақстанымыз мәңгі болып, Нұрсұлтан атамыз мың жасасын деп тілеймін!

 

Қазалы Айгүлім

Ешім орта мектебінің 5 «А» сынып оқушысы   

 

Аудандық білім бөлімінің әдіскері:

Бактыбаева Молдир Балгабаевна

Просмотров: 729


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст