"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі"Мемлекттік мекемесі
Государственное учереждение "Отдел образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области "

Социальные сети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Батырлар туған бақ мекен...

25.10.2017

Батырлар туған бақ мекен...

 

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының негізінде  Жақсы ауданындағы  Ғұбайдолла Әбдірахаманұлы атындағы Қима орта мектебінде он бірінші қазан күні Жақсы аудандық білім бөлімі және Көкшетау қаласындағы Мәлік Ғабдуллин атындағы  музей қызметкерлерінің ұйымдастыруымен  «Батырлар туған бақ мекен» жобасының аясында форум өтті.

Бұл жобаның мақсаты қалың қазақта ұрпақтан ұрпаққа айбын, мақтаныш болған батырларымыздың ерлігі мен өмірін насихаттау, туған жерлеріне ғылыми-экспедициялық сапарлар ұйымдастырып, жергілікті жердің тарихы мен белгілі тұлғалары туралы тарихи деректер жинау, мағлұматтар алу, материалдық және материалдық емес құндылықтар жинақтау, батырлардың өмірін, ерлігін, өшпес мұрасын зерделей отырып, интернет-энциклопедияға еңгізу болып табылады.  Форумға Запорожье,  Ешім, Лозовое ,К.Өскенбайұлы атындағы Қима ОМ, Ғ.Абдрахманұлы атындағы Қима ОМ,  Жақсы №1 орта мектептерінен 90 оқушы, 15 ұстаз қатысты. Іс-шара барысында  Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы журналистер одағының мүшесі, мәдениет саласының үздігі, Көкшетау қаласындағы Мәлік Ғабдуллин атындағы музейдің директоры Мырзабек Құдайберлі Рахымбекұлы  сөз сөйлеп, «Мәлік Ғабдуллин батыр, жазушы, педагог» атты тақырыпта баяндама жасап тыңдарманға батыр бабамыз туралы көп мағлұмат берді. Сондай-ақ, аталған музейдің аға ғылыми қызметкері Махметова Аягөз Муратқызы  Мәлік Ғабдуллиннің өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін «Ғажайып өмір баспалдақтары» атты жылжымалы көрмемен таныстырды.  Сонымен қатар форумға аты аңызға айналған  Баубек батыр бабамыздың бесінші ұрпақтары Исмагулов Абилмажит Шаяхметұлы және Сейдахметов Қайырбек Ғалымұлы қатысты. Батыр ұрпақтары өз аталары туралы мағлұматтарды ерекше мақтанышпен айтып, өз естеліктерімен бөлісіп, Ғұбайдолла Әбдірахаманұлы атындағы Қима орта мектебінің жас өнерпаздары қонақтарға концерттік көңіл-күй сыйлай алды. Форум соңында Мәлік Ғабдуллин атындағы музейдің директоры Құдайберлі Рахымбекұлы ауқымды шараны жоғарғы деңгейде ұйымдастырған Жақсы аудандық білім бөлімінің басшысы Саутова Ақжарқын Султановнаға және   Ғұбайдолла Әбдірахаманұлы атындағы Қима орта мектебінің директоры Мейрамова Гульсум Жумагалиевнаға ризашылығын

білдірді.  Осылайша тәрбиелік мәні зор іс-шараларды жүзеге асыру арқылы қалың жұртшылыққа Ұлы дала елінің мемлекеттік негіздері туралы мағлұматтар беруге, «Мәңгілік ел» идеясының қадір-қасиетін арттыруға, ерлігі мен еңбегі барша халыққа үлгі болған М.Ғабдуллиннің батыр Баубек бабамыздың  ата-тек шежіресін тарата отырып, генетикалық сабақтастықты зерделеуге, қазақ елінің Тәуелсіздігін қорғайтын отаншыл тұлғалар тәрбиелеуге ықпал жасай алдық  деп сенеміз. Мәлік Ғабдуллин атындағы музейдің директоры Мырзабек Құдайберлі Рахымбекұлы  өз қызметкерлерімен бірге, Баубек батыр ұрпақтары, тарих пәнінің мұғалімдері бірлесе отырып,  Қызыл Ту елді мекеніндегі Баубек батыр кесенесінің басына барып,  мағұлматтарды толық жинақтады.

Келешек жас өреннің бойына патриоттық тәрбиені сіңіретін, өз туған жеріндегі ұлыларды ұлықтауға үйрете берейік...

Просмотров: 497


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст