"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі"Мемлекттік мекемесі
Государственное учереждение "Отдел образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области "

Социальные сети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Театрдың ғажайып әлемі

19.10.2017

 

Жақсы ауданы бойынша 2017 жылдың 18 қазанында Рухани жаңғыру» «Тәрбие және білім» бағдарламасы аясында аудандық театрландырылған ұжымдар арасында «Театрдың ғажайып әлемі» атты аудандық балалар байқауыөткізілді. Байқаудың мақсаты балалардың көркемдік орындау деңгейін, олардың сахналық шеберлігін және репертуарын жетілдіру,халық шығармашылығына деген қызығушылығын арттыру, рухани мәдениетін дамытуға жәрдемдесу, дарынды балаларды анықтау және оларды қолдау.Қатысушылар «Туған жердей жер болмас»  атты тақырыбына спектакль-қойылымын дайындаулары қажет еді.

Қойылған талаптары:

-берілген ереженің талаптарын орындау;

-қойылымның регламентін қатаң сақтау – 15 минут;

-Музыкамен сүйемелдеу сапалы МРЗ дискісінде, видео МР4 дискісінде болуы шарт.

Бағалаудың негізгі критериилері:

-актерлік шеберлік және орындау техникасы ;

-қойылым материалының көркемдік ерекшеліктері;

-сахналық және сөйлеу мәдениеті;

-ұжымның шығармашылық әлеуеті;

-көрермендерге эстетикалық, эмоцияналдық және тәрбиелік әсер етуі;

-режиссура;

-спектакльді музыкалық және көркемдік рәсімдеу.

Байқауға ( 11 мектеп, 95 оқушы) Лозовое орта мектебі, Запорожье орта мектебі, Ғ.Абдрахманов атындағы Қима ОМ, Перекатный ОМ, Островский ОМ, Рентабельный ОМ, Жақсы №1 ОМ, Ешім ОМ, Қ.Өскенбаев атындағы Қима ОМ, Жақсы №2 ОМ, Алғабас негізгі мектебі және Киров ОМ. Мектептердің театр ұжымдары өздерінің актерлік шеберліктерін, сахналық және сөйлеу мәдениетін көрсетті. Байқаудың қорытындысы бойынша «Актерлік шеберлік» номинациясында Асан Индира Ешім орта мектебінің оқушысы және Әмірқаш Қалмұрат Ғ.Абдрахманов атындағы Қима орта мектебінің оқушысы марапатталды.

3 орынға

Запорожье орта мектебінің ұжымы ие болды (жетекшілері Омарбекова Т.А., Жумабекова Д.К.)

2 орынға Жақсы №1 орта мектебінің ұжымы ие болды (жетекшісі Каскаева Л.Б.)

1 орынға Ешім орта мектебінің ұжымы ие болды (жетекшісі Жобалаева К.Т.)

Барлық қатысушылар білім беру бөлімінің мадақтамалары мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Байқаудың жеңімпазы 2017 жылдың 26 қазанында Көкшетау қаласында ауданымыздың атынан жіберілетін болады.

 

 

Әдіскер

А.Копеева

Просмотров: 616


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст