"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі"Мемлекттік мекемесі
Государственное учереждение "Отдел образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области "

Социальные сети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстан Республикасы халқының Тілдер мерекесіне арналған онкүндіктің есебі Жақсы ауданы бойынша

13.10.2017

      

  Қазақстан Республикасы халқының

Тілдер мерекесіне арналған онкүндіктің есебі

Жақсы ауданы бойынша

  «Қазақстан Республикасының Тілдер туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі  Заңының негізінде 2017 жылдың  06–15 қыркүйегі аралығында Қазақстан Республикасы халқының Тілдері күні мерекесіне орай онкүндік жарияланып, бекітілген жоспар бойынша мектептерде бірнеше іс-шаралар өткізілді.6 қыркүйек күні Жақсы ауданының барлық мектептері мен балабақшаларында онкүндіктің ашылуы ұйымдастырылып, қатысушылар онкүндік жоспарымен таныстырылды.

«Дән» балабақшасында Тілдер мерекесінің ашылуы қыркүйек айының 6 жұлдызында болды Бұл үлкен мерекелік жиынға барлық топтың бүлдіршіндері және тәрбиешілер, әдіскерлер қатысты. Жиынның ашылуы мемлекеттік әнұраннан басталды. Содан кейін құттықтау сөз кезегі балабақша меңгерушісі Исмайлова А.Х. –на берілді. Әрі қарай әдіскер жоспар бойынша өткізді. Жақсы №1 орта мектебінде Тілдер мерекесіне арналған іс – шаралар алдын –ала жоспарланып, бекітілген жоспарға сәйкес жүргізілді. Онкүндіктің ашылуы салтанатты жиын түрінде, үш тілде жүргізілді. Оқушылар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өлеңдер оқып, ән салды. 6,7,10- сынып оқушылары белсенділік таныта алды.

Бастауыш сынып оқушылары «Ана тілім асыл қазынам» атты қабырға газеттерін шығарды. Барлық сынып жетекшілері «Тіл - халықтар достығының кепілі» тақырыбында ашық сынып сағаттарын өткізді. Оқушылар тіл туралы өлеңдер, қанатты сөздер, шешендік сөздер үлгілерінен көріністер көрсетіп, өз ойларымен бөлісті. Мектепте кітапханашы Бекбергенова Л.М.ұйымдастыруымен «Ана тілін ардақтайық!» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеде еліміздің жетістіктері туралы, басылымнан жаңадан шыққан кітаптар, көркем әдебиеттер, қанатты сөздер көрініс тапты. 5 – 6 сынып оқушылары арасында «Үш тұғырлы тіл» зияткерлік ойыны қызықты өтті. Сайыс 5 кезеңнен тұрды.  Бұл сайыстың қорытындысы бойынша «Тапқырлар» тобы 30 ұпай жинап  ІІІ орынға, «Алғырлар» тобы 32 ұпай жинап  ІІ орынға, «Білгірлер» тобы 80 ұпай жинап І орынға ие болды.    «Баланың тілі бал» мәнерлеп оқу сайысы шағын орталық балаларымен өткізілді. Шағын орталық балалары тіл туралы жаттаған тақпақтарын мәнерлеп, көркем айтты. Жатқа айтқан балалар «Көрермен көзайымы», «Болашақ ақын», «Болашақ жұлдыз» атты номинациялармен марапатталды.  «Әлем ұлттарының ойындары» атты спорттық жарысқа 5-6 сынып оқушылары қатысты. «Асық» ату ұлттық ойыны бойынша Омар Нұрғали І орын, Бүркітәлі Жомарт ІІ орын, Сапабек Ағын ІІІ орынға ие болды. «Арқан тартыс» ұлттық ойыны бойынша І орынды 5 «а», ІІ орынды 6-сынып, ІІІ орынды 5 «ә» сынып оқушылары иеленді.

            Моховое негізгі мектебінде өткен онкүндік барысында  мектептерде 2 - 4 сынып оқушыларының арасында «Үш тұғырлы тіл» зияткерлік ойыны, бүлдіршіндер  арасындағы мәнерлеп оқу байқауы өтті. Мектеп кітапханасында «Тіл-Әр халықтың байлығы» атты кітап көрмесі өткізіліп,  қабырға газеттері шығарды.

5-9 оқушылары арасында «Үш тұғырлы тіл» атты зияткерлік ойын бағдарламасы, "Let's speak English" атты сабақтан тыс іс-шаралар өткізілді. Сонымен қатар, 12 қырқүйекте «Баланың балғын тілі» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Оған шағын орталық, мектепалды даярлық тобы, 2 - 4 сыныптары қатысты.

            Перекатное орта мектебінде «Бір шаңырақ астында» тақырыбына өзге ұлт өкілдерімен кездесуді мектептің тәрбие ісі бойынша директордың орынбасары Дюсембаева С.С өткізді. Бұл шараға Перекатное ауылының әртүрлі ұлт өкілдерінен жиналған обасылары шақырылып, шағын дастарқан басында сұхбат түрінде өтті.  Қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Байжанова Г.К 8-9 сыныптар аралығында «Ана тілі-жүрек үні» тақырыбына зияткерлік ойын ұйымдастырды.Ойын екі топ арасында өте қызықты өтті. Оқушылар белсенді қатысып, қазақ тілінен өз білімдерін көрсетті. Сайыстың соңында 9 сынып оқушылары 5 ұпай артықшылығымен

жеңіске ие болды. Аудандық газетке «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» тақырыбына мақаланы мектептің оқу –тәрбие істерінің меңгерушісі Денисенко Р.С. жазды.  Сонымен қатар жоспар бойынша, мектепке дейінгі даярлық тобының бүрдіршіндері мен 1-сынып оқушыларының арасында «Баланың балғын тілі» атты мәнерлеп оқу байқауын Кожанова А.С. ұйымдастырды. Бүлдіршіндер қазақ және орыс тілінде тақпақтар мен өлеңдер оқыды, бұлардың арасынан да ең үздіктері анықталды.  «Тіл-ұлттық құндылық» тақырыбына дөңгелек үстелді Камидоллина А.М. өткізді. Бұл шараға мұғалімдер мен оқушылар қатысты. Тіл туралы бірқатар мәселелер қозғалып, диспут түрінде өтті.  Сондай-ақ мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Ибадуллин Т.А пен  Лагерь А.А және бастауыш сыныптар мұғалімдері 3 буынға бөлген оқушылар арасында «Әлем ұлттарының ойындары» тақырыбында әлемнің спорттық ойындарын өткізді. Оқушылыр үлкен қызығушылықпен, белсенділікпен қатысты. 5-11 сынып аралығында ағылшын тілінің мұғалімінің ұйымдастыруымен «Let speak English» атты іс-шарасы өтті. Бұл шарада да оқушылар өз білімдерін үш тілде көрсете білді. Ән-күй пәнінің мұғалімі Рыччер Н.К 2-11 сыныптар оқушыларының аралығында патриоттық әндер сайысын ұйымдастырды. Онкүндік барысында өткізілген барлық шараларға оқушылар мен мұғалімдер өте белсенді қатысты. Барлық  қатысушылар мадақтамалар мен сыйлықтармен марапатталды.

Лозовое орта мектебінде Тілдер мерекесінің  салтанатты түрде ашылуы ерекше өтті. Мұндаоқушылар ұстаздарды, оқушыларды Тілдер мерекесімен үш тілде құттықтады. Содан соң қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде тақпақ, өлең айтып, би билеп және де осы апталықта болатын іс-шаралармен таныстырды.Бастауыш сынып мұғалімдері Молдрахметова К.К,Бегахметова С.Н және Какенова Ж.М  «Баланың балғын тілі»тақырыбында мәнерлеп оқу байқауын өткізді. Бұл байқауда оқушылар әртүрлі тілде тақпақ,өлеңдер оқыды.

 

Тургунбаева А.Е, 5-6 аралығында«Үш тұғырлы тілдің әлемі» атты зияткерлік ойын өткізді. Оқушылар қазақ,орыс және ағылшын тілдерінде сұрақтарға жауап берді. Үш тілде сөйлей білу –өмір талабы екенін оқушылар жақсы түсінді.

Сонымен қатар мектеп кітапханашысы Жанглышева Э.Х«Ана тілін ардақтайық» атты көрме ұйымдастырды. Дене шынықтыру мұғалімі Малышкина Т.А,Оразалин Д.К,Копеев Е.С. «Әлем ұлттарының ойындары» атты спорттық жарысын өткізді. Сонымен қатар тіл мамандары арасында «Тіл- ұлттық құндылық» атты дөңгелек үстел отырысы өтті. Отырыста мұғалімдер өз ойларын ортаға салып, талқылады  және де өз ойларын тұжырымдады.Бектемирова К.Ж. 10 сыныбында «Мемлекеттік тіл- менің тілім»

атты сайыс сабағын өткізді. Оқушылар қазақ,орыс және ағылшын тілдерінде сұрақтарға жауап берді. Үш тілде сөйлей білу –өмір талабы екенін оқушылар жақсы түсінді.

Беловод орта мектебінде Қазақстан Республикасы Тілдер мерекесіне арналған онкүндікке мектептің барлық оқушылары, мұғалімдер және шағын орталық балалары да жұмылдырылды. Онкүндік Қазақстан Республикасы Тілдер мерекесіне арналған «Тіл-тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты салтанатты жиыннан басталды. Ол жиынға тіл мамандары жауапты болып, 7-9 сынып оқушылары үш тілде көркемсөздер оқып, 9-сынып  оқушысы Еренгайв Лаура «Ана тілім» атты өлең айтты. Тілдер онкүндігі барысында тақырыптық қабырға газеттерін үш тілде шығарып, қабырға газеттерін оқушылар өздері қорғап шықты. Бастауыш сынып оқушылары «Ана тілім-ардағым» атты қабырға газетін шығарса, 5-7 сыныптар «Язык мой-друг мой» атты қабырға газетін шығарды, 8-10 сыныптар ағылшын тілінде қабырға газетін жасады. Ең таңдаулы қабырға газетін 5-сынып оқушылары жеңіп алды. Сонымен бірге мектеп кітапханасында «Ана тілін ардақтайық» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Тіл мамандарының дайындауымен өткізілген «Үш тұғырлы тілдер әлемі» атты үш тілде ( қазақ, орыс, ағылшын) 8-10сынып оқушыларының қатысуымен  сайыс өтті. Бұл сайыста 10-сынып командасы көпшіліктің қолдауымен І орын иеленді.  Онкүндік барысында 5-10 сыныптар аралығында «Мәңгілік еліміздің мәңгілік тілі» атты шығармалар сайысы болып өтті, оқушылар жұмыстары тіл мамандарының тексерісінен кейін 8-сыныптан Егизбай Ұнатхан, 9-сыныптан Еренгайв Лаураның жұмыстары «үздік» деп танылып, марапатталды. Сонымен бірге бүлдіршіндер арасында «Баланың балғын тілі» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті.Бұл сайысты шағын орталық тәрбиешісі Арин Кенжегуль өткізді.

Онкүндіктің  соңғы күні  белсене қатысқан оқушылар мен ұстаздарға мақтау қағаздары табысталды.

Қ. Өскенбай атындағы Қима орта мектебінде Тілдер мерекесіне байланысты біраз іс-шаралар мен жұмыстар жүргізілді. Іс-шара жұмыстарына оқушылар мен ұстаздар белсене қатысып, жұмыла жұмыс жасады.Тіліміздің қанатын кеңге жаюға басқа ұлт өкілдерінің балалары да өз үлестерін қосты. Атап айтар болсам, «Тіл ұлттың тірегі» атты салтанатты шеру Исмагулова А.О ұйымдастырды. «Тіл достықтың тірегі» қабырға газетін Калыкова Ж.Е ұйымдастырып, «Ана тілім дана тілім бақ тілім» кітап көрмесін кітапханашы Морозова И.С өткізді.  Ибраева Г.Т 5-7 сыныптар арасында «Үш тұғырлы тілдің әлемі» зияткерлік ойын өткізді.

Подгорное орта мектебінде  онкүндіктің салтанатты ашылу рәсімін 6 қыркүйек күні  қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалім Абай А.А және ағылшын тілі пәні мұғалімі Жолмағанбетова Ж.К  ұйымдастырды. Мағжан Жұмабаевтың  «Қазақ тілі» өлеңін 7-сынып оқушысы Кунцевич Виолетта мәнерлеп, нақышына келтіріп оқып берді. Сонымен қатар  әр ұлттың тілінде өлеңдер оқылып, тіл туралы мақал-мәтелдер айтылды. Мектептегі өткен онкүндік барысында  тақырыптық қабырға газеттері шығарылды.  Әр сынып оқушылары өз таңдауларымен әр түрлі мағынада өз қабырға газеттерін дайындады. Сонымен қатар мектеп кітапханашысы Смагулова С.Н «Мәңгілік елімнің-  мәңгілік тілі»  кітап көрмесін ұйымдастырды.  Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалім Аренова М.Ж және ағылшын тілі пәні мұғалімі Жолмағанбетова Ж.К   1-4 сыныптар арасында «Үш тіл патшалығы», 5-11 сыныптар арасында , «I can speak English»   атты интеллектуалдық ойынын өткізді. Аренова М.Ж мен Амиргазина Г.Б «Баланың балғын тілі» атты мәнерлеп оқу байқауын 1-4 сыныптар мен мектепалды дайындық сыныптар арасында өткізіп, І орын Гусарова Анастасия, ІІ орын Сосковец Полина, ІІІ орын Свистунов Рустам жеңімпаз болды.     Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аренова М.Ж  5-8 сыныптар арасында  «Мәнгілік еліміздің мәнгілік тілі» атты шығармалар сайысын ұйымдастырып өткізді. Сонымен қатар 1-11 сыныптар арасында  патриоттық әндер сайысы өткізіліп, 8 сынып оқушысы Шейгец Ирина «Қазақ елі» атты патриоттық рухты әнімен жеңімпаз атанды.

Запорожье орта мектебінде жоспар бойынша «Мәңгілік еліміздің мәңгілік тілі» атты тақырыпта 2-11 сыныптарда сынып сағаттары жүргізілді. Осы тақырыпта мектеп қабырғасында барлық оқушылар газеттер мен крассвордтар, ребустар шығару сайысы ұйымдастырылды. Мектеп кітапханашысы «Ана тілін ардақтайық» тақырыбында кітапханада тіл мерекесі күніне арналған кітап көрмесін ұйымдастырды. 5-8 сыныптар арасында «Үш тұғырлы тілдің әлемі»атты зияткерлік білгірлер сайысы өткізілді Жауапты мұғалімдер: Жұмабаева Д.Қ, Жамбылова А.Қ, Байдусенова С.Қ өткізіп, жеңімпаздар марапатталды.

Қазақ тілі пәнінің мұғалімдері Оспанова Г.Д және Щитка О.Я, Мокряк Т.А «Тіл- аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз» атты тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастырып қатысқан мұғалімдер алғыс хаттармен марапатталды. Д.И Касымова бүлдіршіндер арасында «Баланың балғын тілі» атты мәнерлеп оқу сайысын өткізіп жеңімпаз бүлдіршіндерді сыйлықтар мен мақтау қағазымен марапатталды.  Сонымен қатар мектеп  оқушылары арасында аудандық «Мәңгілік еліміздің мәңгілік тілі» атты шығармалар сайысын өткізілді. Бұл шығармалар сайысына аудан бойынша қазақ, орыс тілінде  27 шығарма қабылданды. Әділ-қазылар шешімі бойынша 1-орынды Рентабельный орта мектебінің  9-сынып оқушысы Сарыгина Диана иеленсе, 2-орынды Қ.Өскенбай атындағы Қима орта мектебінің 10 сынып оқушысы Сыздыкпаева Жанар, 3-орынды Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінің 11-сынып оқушысы Бекмұрат Нұрболат және Островский орта мектебінің 11-сынып оқушысы Копылова Дарья иеленді.Аталған оқушылардың  жұмыстары аудандық «Жақсы жаршысы» газетіне үсынылды, Республикалық «Еркетай» электронды журналында жарық көрді.  Жалпы Жақсы ауданы бойыншаҚазақстан Республикасы халқының Тілдер мерекесіне арналған онкүндігі жоспар бойынша жүргізіліп, өз мәресіне жетті.

 

 

Әдіскер:  Бактыбаева

Молдир Балгабаевна

 

Просмотров: 1030


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст