"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі"Мемлекттік мекемесі
Государственное учереждение "Отдел образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области "

Социальные сети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Дарындылық -дара жолдың бастамасы

23.02.2017

Дарындылық -дара жолдың бастамасы  

        Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық  орталығының ұйымдастыруымен 14-17 ақпан күндері Алматы қаласында Жалпы білім беретін пәндер бойынша  республикалық ғылыми жобалар конкурсы өтті.         

   Республикалық кезеңге қатысу үшін оқушылар  төрт турдан сүрінбей өтті. Облыстық  кезеңінде  жоғары нәтиже көрсетіп, республикалық  кезеңге қатысу үшін  Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде  қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен  тесті "өте жақсы" бағаға  тапсырып Республикалық турға жолдама алды.

        Бұл конкурсқа – еліміздің  түкпір-түкпірінен  жиналған  жеті жүзден  астам  дарын иелері  «Қазақстан -2050» 

стратегиясы  аясында  республиканың  экономикалық  және әлеуметтік – мәдени  дамуының үлгілері»  тақырыбы бойынша   республикалық  ғылыми жобалар  байқауының қорытынды кезеңіне қатысты. Осы конкурсқа Ақмола облысы Жақсы ауданы Жақсы №1 орта мектебінің  9- сынып оқушылары Хамит Айжан және Тулеген Мадина  «Ертегілердің бала өміріне маңызы» тақырыбында  ғылыми жобаларын қорғады. Бұл жобаның мақсаты: ертегілердің бала тәрбиесіндегі рөлін ашып көрсете отырып, ертегілердің насихаттау жолдарын көрсету. Балалардың ертегіге деген қызығушылығын арттыруға, сол арқылы тілін дамытып, сөздік қорын молайтуға қол жеткізу болып табылады.

     Бұл ғылыми жобада жинақталған мәліметтер ұрпақ тәрбиесінде балаларды  үш тілді (қазақ, орыс, ағылшын) дамытуға, ой –өрісін жетілдіруге, жалпы адамгершілік құндылықтарды бойына сіңіруге септігін тигізетіні  сөзсіз.

     Жобаның жаңалығы: өз қиялдарымен құрастырған ертегілерінде татулыққа, достыққа, бірлікке, адамгершілікке  баулитын  мазмұндағы мәтіндерді үш тілде жазып, суретімен көркемдеп, жинақ кітапшасы түрінде шығарды. Сонымен бірге, осы ертегілерді аудио-дыбыстық қондырғы арқылы,  электрондық қуыршақ жасады. Балалардың қызығушылығын тудыратындай  ертегінің мазмұнына сай анимациялық

мультфильм құрастыру- заманауи жаңалық болып табылды.

   Осы  ғылыми жұмысымен оқушылар мектептің, ауданның, облыстың намысын қорғады деп мақтанышпен айта аламыз. Себебі бұл оқушылар өздерінің білімдерінің,  қабілеттерінің, дарындылығының арқасында  жоғары нәтижелі табысқа жетіп, Білім және ғылым  министрінің  ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталды.  Аталған оқушыларды  ғылыми жобаны жазуға , оның қиыншылықтарын жеңе білуге үйретіп осы жоба аясында оқылардың дарындылық қабілетін танып, биік шыңға шығуларына жол көрсетіп жетекшілік жасаған  Жақсы №1 орта мектебінің  педагог-психологы және өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Ғазез Жансая Серікқызы еді.  Жас та болса көптеген байқаулардың, жобалар мен іс шара әзірлемелердің авторы болып үлгерген маманға келешеке де еңбегің жана беруіне тілектеспіз.  Ғылыми жоба байқауынан Республика көлемінде жүлделі орын алып, Жақсы ауданынының мәртебесін биіктерде көрсетті.  

       Келешекте осындай дарынды шәкірттерімізге және жаңашыл, ізденімпаз ұстазымызға шығармашылық табыс, білім шыңдарынан көріне берсін деп тілейміз.Жақсы №1 орта мектебінің ұжымын жеңістерімен құттықтаймыз!

 

 

Білім беру бөлімі

әдістемелік кабинет меңгерушісі

Ерғалиева А.Е

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 563


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст