"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі"Мемлекттік мекемесі
Государственное учереждение "Отдел образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области "

Социальные сети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қамқор» бола білейік...»

10.01.2017

«Қамқор» бола білейік...»

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті 2017 жылғы 10 қантар – 10 ақпан аралығында «Қамқорлық» дәстүрлі республикалық акциясын өткізу туралы хабарлайды.

Ақция  мақсаты – әлеуметтік көмек алуға құқығы бар аз қамтылған, көп балалы, тұрмысы қолайсыз отбасылардың балаларына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және басқа санаттағы балаларға әлеуметтік көмек көрсету, оқумен қамтылмаған мектеп жасындағы балаларды анықтау және есепке алу, сондай-ақ әлеуметтік себептер (киімдерінің, аяқ киімдерінің, мектеп құралдарының жоқтығы) бойынша балалардың мектепке бармауын алдын алу.

         Акцияның басым міндеттері мектеп жасындағы балалардың оқуды тоқтатуға немесе олардың ұзақ уақыт сабаққа бармауына жағдай туғызған себептерді айқындау, дәлелсіз себептер бойынша сабаққа келмеуді алдын алу, сондай-ақ материалдық жағдайы төмен отбасыларда тұрып жатқан балалардың өмір сапасын жақсарту, жұртшылықты аз қамтылған және тұрмысы қолайсыз отбасыларға материалдық көмек көрсетуге бағытталған қайырымдылық қызметпен айналысуға тарту. Осы алдыға қойылған мақсат міндеттерді орындау мақсатында білім беру бөлімінде айлық жоспар құрылып, аудандағы білім беру ұйымдарында бірқатар жұмыстар атқарылуда.

         Акция шеңберіндеқадағалаусыз және панасыз қалған балаларды анықтау мақсатында рейдттер ұйымдастырылып, дәлелсіз себептермен мектепке бармай жүрген мектеп жасындағы балаларды айқындау үшін мектептерге бекітілген шағын учаскелердегі үйлерді аралау жұмыстары жүргізілсін.

        Акция барысында баршаңызды адамзаттың жақсы қасиеттерінің асылы – жомарт болып, кең пейілділік танытып, сіздің көмегіңізге мұқтаж жандарға көмек қолын созуға щақырамыз! Барлығымыз бір адамдай – акцияға қатысайық!

        Ел еңсесін биіктеткен мерейлі істер жаңа көк жиектерге бастай берсін, ата-бабамыздан мұра болып қалған қайырымдылық пен жомарттық болашақта да өз қадірін жоймаса екен, балаға жасаған жақсылық – өзімізге жасаған жақсылық деп білейік ағайын!

 

Білім беру

бөлімінің әдіскері

Ерназарова Б.А.

Просмотров: 465


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст