"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі"Мемлекттік мекемесі
Государственное учереждение "Отдел образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области "

Социальные сети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңі туралы ақпарат

04.01.2017

Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың

ғылыми  жобалар байқауының облыстық

кезеңі туралы ақпарат

 

       2016 жылдың желтоқсан айының 2-4 күні аралығында Көкшетау қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңі болып өтті.   Бұл байқауға Жақсы ауданының намысын қорғап, аудандық кезеңнің жеңімпаздары Тулеген Мадина және Хамит Айжан  Жақсы №1 орта мектебінің 9 сынып оқушылары жетекшісі Ғазез Жансая Серікқызы "  Ертегілердің бала өміріндегі маңызы" тақырыбында қатысып жүлделі 3 орынды иеленсе, К.Өскенбаев атындағы Қима орта мектебінің  11 сынып оқушысы Есжанова Камила жетекшісі Васильева Юлия Юрьевна " Энергетические напитки и чипсы:польза или вред?" тақырыбында өз жобасын қорғап жүлделі 2 орынды иеленді.

Ағымдағы жылдың 14 желтоқсан күні Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ғылыми жоба байқауының республикалық турына жолдама алу үшін пән бойынша тест тапсырды. Жақсы №1 орта мектебінің оқушылары Тулеген Мадина және Хамит Айжан тест қорытындысы бойынша байқаудың республикалық кезеңіне жолдама алды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Просмотров: 444


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст