"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі"Мемлекттік мекемесі
Государственное учереждение "Отдел образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области "

Социальные сети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстан халқының Тілдер күніне арналған онкүндік

24.09.2019

Ақмола облысы білім басқармасының 2019 жылғы 15 тамыздағы

 №04-03/4197 хатына сәйкес Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындау барысында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі аясында мемлекеттік тілдің мәртебесін арттырып, этнос тілдерінің салтанат құруын қамтамасыз ету мақсатында Жақсы ауданының білім беру бөлімінде 5 – 20 қыркүйек аралығында іс шаралар ұйымдастырылды. Іс шаралар білім бөлімінің басшысымен бекітілген жоспарға сәйкес жүргізілді.

5 қыркүйек күні барлық білім бөлімдерінде Қазақстан Республикасы халқының Тілдер мерекесіне арналған онкүндіктің ашылуы салтанатты түрде өтті.

Жалпы білім беретін оқу ұйымдарында 9 қыркүйек күні «Қазақ тілім – мәңгі жасар байлығым» атты ашық сабақтар ұйымдастырылды.

10 қыркүйек күні өткен Біржан сал Қожағұлұлының 185 жылдығына орай ұйымдастырылған «Біржан сал – өңір мақтанышы» атты ақпараттық – танымдық сағаттарға 9 – 11 сынып оқушылары үлкен белсенділікпен қатысты.

10 – 15 қыркүйек аралығында мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен «Тіл – халық байлығы» атты кітап көрмелеріне ата – аналар, оқушылар, оқытушылар қатысып, тіл туралы ойларымен бөлісті.

12 қыркүйек күні «Абай – дана, Абай – дара қазақта» бөлімі бойынша  7 – 11 сынып оқушылары үздік шығарма сайысына қатысып, Абай туралы терең толғаныстарын қағаз бетіне түсіре білді. Конкурс жеңімпазы Ғ.Абдрахманов атындағы Қима орта мектебінің оқушысы Бекболат Мөлдірдің жұмысы жергілікті «Жақсы жаршысы» газетіне жіберілді.

13 қыркүйек күні «Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ әліпбиінің негізін қалаушы» атты тақырыптық сабақтар өткізілді.

16 қыркүйек күні Бейімбет Майлиннің 125 жылдық мерейтойына орай «Бейімбет Майлиннің өмірі мен шығармашылығы» тақырыбында ақпараттық – танымдық іс шаралар ұйымдастырылды.

17 қыркүйек күні өткен Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы» тақырыбындағы ақпараттық – танымдық іс шараға 10 – 11 сынып оқушылары үлкен қызығушылықпен қатысты.

Фариза Оңғарсынованың 80 жылдық мерейтойына орай оқушылар арасында 18 қыркүйек күні ұйымдастырылған оқушылар арасындағы мәнерлеп оқу сайысына аудан мектептерінен оқушылар қатысып, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Бүлдіршіндер арасында 19 қыркүйек күні «Бала тілі – бал» атты мәнерлеп оқу байқауы мен «Ертегілер елінде» көріністері ұйымдастырылды.

20 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы тілдері мерекесіне арналған онкүндіктің жабылуына сәйкес мерекелік іс шаралар ұйымдастырылды.

Онкүндікке мектеп оқушылары мен ата –аналар, ұстаздар үлкен қызығушылықпен қатысып, баспа беттерінде материалдар жарияланып отырды.

 

Просмотров: 512


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст