"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі"Мемлекттік мекемесі
Государственное учереждение "Отдел образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области "

Социальные сети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Өмірдегі ең маңызды және құнды отбасы

11.02.2020

7 ақпанда Жақсы №2 орта мектебінің базасында "Өмірдегі ең маңызды және құнды отбасы" атты аймақтық семинар өтті.Семинарға білім беру бөлімінің әдіскерлері, директорлардың тәрбие жұмысының  орынбасарлары, сынып жетекшілері, отбасылық клубтарының жетекшілері, Атбасар және Жақсы ауданының ата-аналары қатысты. Семинарды Жақсы ауданының білім беру бөлімінің басшысы Саутова Ақжарқын Сұлтанқызы құттықтау сөзімен ашты. Ақмола облысы білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері Бигожина Баглан Олжабаевна семинардың мақсатымен таныстырды. Бағдарлама бойынша Атбасар ауданының ата-аналар қауымдастығының төрайымы  Садвокасова Баян Мыңжасарқызы «Отбасы клубы - отбасы мен мектептің ынтымақтастық формасы ретінде» тақырыбында сөз сөйледі. «Отбасы тәрбиесі –қоғамның негізгі бастауы» баяндамасымен Жақсы №1 орта мектебінің «Отбасы - аялы алақан мекені»  отбасылық  клубының жетекшісі Каскаева Ляззат Байсеркеқызы сөз сөйледі. Пленарлық отырыстың соңында отбасылық тәрбие бойынша ұсыныстар берілді. Екінші бөлімде қатысушыларға, ата-аналар қауымдастығына Перекатный ОМ психологы Фомина И.Д., және Жақсы №2 ОМ психологы Гафарова О.Ф. балалар мен ата-аналардың құқықтары мен міндеттері, отбасылық мәселелер, мектептегі жанжалдар және оларды шешу жолдары туралы кеңестер берді. «Мұғалімнің мәртебесі туралы» заңның негізгі ережелері туралы құқықтық кеңестерді Жақсы ауданының білім беру бөлімінің заңгері Кусаинова Динара Серікқызы заңды кеңестер берді.

Просмотров: 445


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст