"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі"Мемлекттік мекемесі
Государственное учереждение "Отдел образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области "

Социальные сети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қосымша білім беру мемлекеттік тапсырысы бойынша

23.01.2024

Ақмола облысы білім басқармасы хатының негізінде 2024 жылға Жақсы ауданына қосымша білім беру мемлекеттік тапсырысына сәйкес  4 бағыт бойынша 49 орын берілді. Қосымша білім беру мемлекеттік  тапсырысының ережесіне сәйкес  22-28 желтоқсан аралығында мемлекеттік тапсырыс бойынша қосымша білім бөлімі сайтында конкурс  жарияланды. Конкурсқа  жекеменшік  білім беру ұйымынан   ғылыми - техникалық бағыты бойынша «Робототехника» - 30 бала, көркем - эстетикалық бағыты бойынша «Жас мүсінші» - 9 бала, әлеуметтік - педагогикалық бағыт бойынша «Дойбы/шахмат» үйірмесі  - 4 бала, жаратылыстану - математика бағыты бойынша «Қызықты математика» - 6 бала. Барлығы 49 орынға өтінім келіп түсті. Өтінім білдірген  ИП «BILIM AL» қосымша білім беру орталығы.  Ережеге сәйкес  комиссия құрылып, тиісті құжаттар қаралды. Сонымен қатар аталған комиссия орталықтың арнайы жабдықталған оқу кабинеттерін қарады. Қорытындысында аталған "BILIM AL" орталығы барлық талаптарға сай болып, білім бөлімімен шарт жасауға лайықты деп танылды. Қазіргі кезде мемлекеттік сатып алу порталы арқылы шартқа отыру үдерісі жүргізілуде.Балаларды оқыту 2024 жылдың 1 ақпанынан басталады. Қазіргі кезде аталған бағыттар бойынша бос орындар бар. Өтінім бойынша ақпаратты  87775261786 нөмері арқыл біле аласыздар.

Просмотров: 1713


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст