"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі"Мемлекттік мекемесі
Государственное учереждение "Отдел образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области "

Социальные сети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жұлдызай» республикалық балалар шығармашылығы байқауының облыстық кезеңі

26.03.2024

2024 жылдың 19 наурыз күні Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі» орталығы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың қатысуымен «Жұлдызай» республикалық балалар шығармашылығы байқауының облыстық кезеңін өткізді.
Байқаудың мақсаты ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және қазақстандық қоғамда инклюзивті ортаны қалыптастыруға ықпал ету.
Байқау келесі 4 номинация бойынша өткізілді – вокал, хореография, аспаптық орындау, ым тілінде ән айту.
Байқауға Атбасар, Ақкөл, Целиноград, Аршалы, Жақсы, Ерейментау, Бұланды, Сандықтау, Шортанды, Астрахан аудандарынан және Көкшетау, Степногорск қалаларынан 129 бала қатысты.
Аталған байқауда ауданымыздың намысын «Хореография» номинациясы кіші жас тобы (10 жастан 12 жасқа дейін) бойынша Тен Назар, Жақсы ауданы, Ишимское ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы қорғап, жүлделі III орынға ие болды. Жетекшісі Ахметбекова Айгерим Амантаевна. Құттықтаймыз!

Просмотров: 1731


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст