"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі"Мемлекттік мекемесі
Государственное учереждение "Отдел образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области "

Социальные сети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сәуірдің 4-5 күндері Көкшетау қаласында өткен «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде «Құндылықтар негізінде тәрбие беру – заман талабы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

08.04.2024

Сәуірдің 4-5 күндері  Көкшетау қаласында өткен «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде «Құндылықтар негізінде тәрбие беру – заман талабы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Республикалық конференция 3 секция бойынша жүргізілді. Бірінші секция «Ұлттық тәрбиенің белсенді формалары: дәстүрлер мен инновациялар» тақырыбында аудандық, қалалық білім бөлімінің тәрбие жұмысының әдіскерлерінің қатысуымен, екінші секция «Туған өлке тарихы – ұрпаққа мұра» тақырыбында сынып жетекшілердің қатысуымен, үшінші секция «Білім беру ұйымын этномәдени құндылықтар негізінде басқарудың инновациялық тәжірибелері» тақырыбында аудандық, қалалық әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері, тәрбие жұмысының орынбасарларының қатысуымен өтті. 
Жақсы ауданынан Оқушылар үйінің оқытушысы, «Мұрагер» клубының жетекшісі Асылбеков Азамат Шерниязович «Ұлттық құндылықтарды насихаттау – рухты ұрпақты тәрбиелеудің негізі» тақырыбында баяндама оқыды. 
Баяндама барысында 2016 жылдан бері асыл тұқымды жылқыларды қазақы жылқылармен будандастырып қолтума жылқыларды өсірумен айналысатындығын, сонымен қатар "Мұрагер" клубының мүшелерін атбегілікке, жылқыларды бәйгеге баптауға, құмай тазы тұқымын өсіруге үйретуде. Қазір клубта 15 бала бар, ата-аналар мен оқушылардың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығы жоғары. Өйткені бұл оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу үшін таптырмас әдіс, - дейді клуб жетекшісі.
Бүгінгі күнде Асылбек Шерниязовичтің шәкірттері көптеген тай жарыс, жабағы жарыс, аламан бәйгелерді мойындатып, жүлделі орындарға ие болып жүр.

Просмотров: 1056


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст