"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі"Мемлекттік мекемесі
Государственное учереждение "Отдел образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области "

Социальные сети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Хабарландыру

03.06.2024

Жақсы ауданының білім бөлімі балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы конкурс жариялайды.
Қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
Көркем-эстетикалық-7 орын
Жаратылыстану-математикалық-3 орын
Конкурсқа қатысқысы келетін ұйымдар 2024 жылғы 03-07 шілде аралығында білім бөліміне құжаттарды ұсынуы қажет:
1) Білім бөлімі басшысының атына "ұлттық білім беру деректер базасы"ақпараттық жүйесіне енгізу туралы өтініш;
2) бұйрықта көрсетілген нысан бойынша өтініш
3) қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлға құрмай ЖК қоспағанда, ұйым жарғысының көшірмесі (Ереже, құрылтай шарты);
4) жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттардың көшірмесі немесе ұйым пайдаланатын ғимаратты жалға алу шартының көшірмесі;
5) балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларының көшірмелері. Мемлекеттік ұйымдардың бағдарламаларын білім бөлімі бекітеді, аптасына 4 сағат сағаттық жүктеме;
6) тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар және білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу, білім беру қызметін әдістемелік сүйемелдеу немесе ұйымдастыру жөніндегі педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыратын белгіленген үлгідегі білім туралы педагогтердің құжаттарының көшірмелері (жұмыс орнынан анықтама, еңбек кітапшасының көшірмесі, педагог пен осы ұйым арасындағы еңбек шарты)
7) штат кестесінің көшірмесі, педагогтердің біліктілік деңгейі туралы құжаттардың көшірмелері;
8) ұйымның жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың көшірмелері (бар болса) немесе жұмыс тәжірибесінің жоқтығы туралы хат;
9) ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған бейнебақылау камераларын орналастыру схемасы, бейнеұрағатты кемінде 30 тәулік сақтағанын растайтын құжат;
10) ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған өрт кезінде эвакуациялау жоспарының сызбасы

Аталған құжаттар нөмірленеді, тігіледі, ұйым басшысы қол қояды, мөрмен (бар болса) не басшының қолымен куәландырылады.

Просмотров: 77


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст