"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі"Мемлекттік мекемесі
Государственное учереждение "Отдел образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области "

Социальные сети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың І (бастапқы) кезеңі 2024 жылғы 25 қыркүйекте басталады.

06.09.2024

Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың І (бастапқы) кезеңі 2024 жылғы 25 қыркүйекте басталады.
Олимпиаданың мақсаты: Қазақстан Республикасының ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының дарындылығы мен қабілеттерін анықтау және қолдау үшін оңтайлы жағдайлар жасау, неғұрлым академиялық қабілетті оқушыларды іріктеу, олардың одан әрі зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдарлануы.
Қатысу үшін олимпиадаға қатысушылар а.ж. 4-20 қыркүйек аралығында тіркелуі қажет.
Олимпиадаға ауыл мектептерінде соңғы екі оқу жылында оқитын 9-11 сынып оқушылары қатысады. Қатысушылар бірнеше жыл қатарынан олимпиадаға қатысуға құқылы. Бірінші кезең онлайн-платформада өтеді: 1 парта – 1 қатысушы – 1 компьютер.
Олимпиада 13 жалпы білім беретін пәндер бойынша өтеді. Жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша: математика, физика, химия, биология, информатика және география. Қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша: қазақ тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, орыс тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, Қазақстан тарихы, құқық негіздері, ағылшын тілі.
Олимпиада төрт кезеңде өткізіледі:
бірінші кезең (бастапқы) – қыркүйек айы;
екінші (аудандық) – қазан айы;
үшінші (облыстық) – қараша айы;
төртінші (республикалық) – ағымдағы жылдың желтоқсан айы.

Просмотров: 635


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст