"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі"Мемлекттік мекемесі
Государственное учереждение "Отдел образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области "

Социальные сети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Біздің тағдырымыз – табиғат тағдырында»

27.04.2018

 

 

 

«Біздің тағдырымыз – табиғат тағдырында»

 

 

Патриотизм Отанға, туған жерге деген сүйіспеншіліктен басталады. Ол үшін

туған жердің тарихын терең зерттеп-білу қажет. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан

Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында өлкетану

бағытындағы «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынды. Туған жер – әр адам шер

етіп дүниеге келген жері. Сондықтан, туған өлкеге, оның мәдениеті мен

салт-дәстүріне ерекше құрметпеу қарау – шынайы патроитизмнің белгісі. Мемлекет

басшысы өзінің мақаласында туған жеріміздің, еліміздің тарихынан сыр шертетін

тарихи кітаптар мен жазбаларды көбейіп, зерттеу жұмыстарын мықтап қолға алуды

тапсырды. Бұл жастардың бойында отаншылдық сезімді қалыптастыратыны анық. Сәуір

айының 29-30-ы күні біздің жас отаншылдықтар «Біздің тағдырымыз – табиғат

тағдырында» атты облыстық экологиялық олимпиадада туған жерінің көрікті

жерлерін әнмен шырқап, суретпен көрсетіп, біздің шоқ қайында демалыс орынды ашу

бойынша жоба ұсынды.

Жергілікті ақындар мен композиторлардың шығармалары бойынша жеке

орындаушылардың және вокалды ұжымдардың байқауында Балалар музыка мектебінен

вокалды ұжымда Зиядова Алтын, Киренко

Яна, Глобенко Анастасия, Рахметова Малика мен Федоренко Регина қатысып ІІІ

орынға ие болды. Ал жеке орындаушылар арасында Киренко Яна ІІ орынға ие болды (мұғалімдері Саченкова В.С., Рахметов

М.С., Титомир Л.И.). Балалар ауданымыздың 

жергілікті азаматтарымыздың Голиков Ю.Ф., Мозговая Т., Луговская Е.И.

жазған шығармаларын ұсынды.

Экологиялық туризм жобалық жұмыстар бойынша Жақсы №2 орта мектебінен ауданымыздағы

шоқ қайында демалыс орынды ашу жобысын ұсынып, 1 орынға ие болған Ишамбекова

Ботагоз бен Флиман Елена (жетекші мұғалімі Тумгоева Ф.С. Жақсы №2 ОМ).

«Табиғат: сенің сұлулыққа көзқарасың» шығармащылық жұмыстарындағы

«Фотосуреттер,  фотоколаждар» ішкі номинациясында Гафарова

Сания номинацияға ие болды (жетекшісі Кусаинов М. Жақсы №2 ОМ)

Елбасымыз ұсынған мақаласын жүзеге асырып жүрген ауданымыздың «Рухани

жаңғыру» офисінің менеджерлері Зиядова Алтын, Копеева Асель, Насырова Зарина,

Радомский Эдгард, Сабыр Бауыржан, Басқымбай Адильжан, Твердохлеб Никита,

Гафарова Сания, Чужебай Зарина, Алиева Илана қатысып, «ата-бабаларымыздың қан

мен термен қорғап қалған туған жеріміздің сұлулығын, табиғатын сақтауға

дайынбыз!» - деп ашылу салтанатын өткізді.

БББ-нің тәрбие

жұмысының әдіскері А.Копеева

Просмотров: 558


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст