"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі"Мемлекттік мекемесі
Государственное учереждение "Отдел образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области "

Социальные сети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Білімді ұрпақ- ел болашағы"

04.12.2018

"Білімді ұрпақ- ел болашағы"

 

         Жақсы ауданының білім беру

бөлімінің ұйымдастырумен Қазақстан  Республикасының

 Тәуелсіздігі күні  қарсаңында, Тұңғыш Президент күніне

арналған  «Қазақстан эрудиті»

білгірлер арасындағы аудандық танымдық- зияткерлік  байқауы  22 қарашада  білім беру бөлімінің конференц залында болып

өтті.

Байқауымыздың  мақсаты:  Жалпы білім беру мекемелерінің 8 сынып оқушылары арасында

зияткерлік қозғалысты дамыту, патриотизмді тәрбиелеу, өз Отанының тарихы жайлы

білімдерін кеңейту,  үздік оқушыларды  анықтау

          Байқауға

 ауданның 17 мектебінен 17 оқушы қатысты.

Байқау   

III айналымнан тұрды.

 I айналым 

«Алға, білімділер!»  Бұл айналымда әр оқушы оқу бағдарламасының

аясындағы  Қазақстан тарихы, қазақ тілі,

орыс тілі, ағылшын тілі, география пәндерінен құралған тест тапсырмаларын

орындады. Өз білімдерін көрсетті.

II айналым «Білгірлер сайысы»:

- фотосурет кезеңінде   Қазақстандық  белгілі 

ғалымдар, атақты тұлғалардың фотосы көрсетіледі, оқушылар  фотодағы атақты адамдарды танып мағлұматтар ұсынды. 

-осы айналымда пікірлерді байланыстыр кезеңі

болды. Онда Тұңғыш Президент күні қарсаңында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жастарға

арнап айтқан қанатты сөздерінің орындары ауыстырылып берілді. Оқушылар қанатты

сөйлемдерді құрап, дұрыс жауабын айтты.

ІІІ айналым Фото-марафон:

Бұл айналымда  Қазақстанның өнер, сәулет өнерінің

ескерткіштері, жергілікті мекен көріністерінің фотолары  көрсетіліп, оқушылар ынтасымен шапшаң жауап

беру арқылы жүргізілді.  Оқушылар өз

білімдерін көрсетіп , жеңімпаздар анықталды.

 Ишимское орта мектебінің оқушысы Шәріп Аруана  жүлделі 1 орынды, Ғ.Абдрахманұлы атындағы Қима

орта мектебінің оқушысы   

Касымбеков

Мурат - 2 орынды, Подгорное орта мектебінің 

 Куанышбаева Айнұр-3 орынды

иеленсе, Жақсы №1 орта мектебінің оқушысы  Жанабекова Сабина     "Зияткер оқушы" номинациясын,

Терсақан негізгі мектебінің оқушысы                  , Ертуғанова Арайлым "Білгір

оқушы" номинациясына ие  болды.

Жеңімпаздарды

құтттықтаймыз!!!  Ишимское орта

мектебінің оқушысы Шәріп Аруана 12 желтоқсанда Көкшетау қаласында өтетін    «Қазақстан эрудиті» білгірлер арасындағы  танымдық- зияткерлік  байқауының облыстық кезеңінде өз білімін

көрсетіп, бақ сынайды! Сәттілік тілейміз! 

 

Жақсы ауданының білім беру бөлімінің

әдістемелік кабинет меңгерушісі        

                      А.Ерғалиева

Просмотров: 865

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст